Сарапшылар: Әр азамат өз құқықтарын қорғау үшін жаңа құрылатын Конституциялық сотқа шағымдана алады

Сарапшылар: Әр азамат өз құқықтарын қорғау үшін жаңа құрылатын Конституциялық сотқа шағымдана алады
Сурет: 24.kz

Сот, заң шығарушы және атқарушы билік тепе-теңдік сақтаса, қоғамда тұрақтылық болады.

Референдумда қабылданатын өзгерістер халық атынан билік жүргізуге ықпал етеді. Бұл туралы бүгін сарапшылар мен ғалымдар Конституциядағы түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталып, маңызды қадамдарын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Мәселен, әр азамат өз құқықтарын қорғау үшін жаңа құрылатын Конституциялық сотқа шағымдана алады. Бұған дейін қазақстандықтарда мұндай құқық болған жоқ. Сондай-ақ жергілікті атқарушы билік өкілеттілігінің аясы да едәуір кеңейеді. Жергілікті әкім, мәслихат депутаты өз жеріне жанашыр болуға құзыреттілігі де, жауапкершілігі де артады.