Сапалы сумен қамту жөнінде жұмыстар жалғасуда

Сапалы сумен қамту жөнінде жұмыстар жалғасуда almaty-akshamy.kz

Аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамту жөнінде үлкен жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Е.Досаев аудан тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Ақсай негізгі су көзінің құрылысы аяқталғанға дейін Ақжар шағынауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін осы жылдың наурыз айында   Алатау даңғылының бойынан магистралды су құбыры мен каскадты насос станциясының құрылысын басталды. Бұл жобаны маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.



Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы - 4 шағын ауданда сумен қамту және канализация желілерін жобалау жұмыстары жалғасуда.


 Нәтижесінде, Наурызбай ауданының тұрғындарын  сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 2025 жылдың соңына дейін 335 шақырым сумен қамту (187,5 км) және канализация (147,5 км) желілері салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31