Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

 

Санитарлық дәрігерлер 8 наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы мереке және демалыс күндері барлық шектеу шаралары Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және өңірлердегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің, Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес әлі де өз күшіне ие, делінген хабарламада.

Біз ел тұрғындарын жақындарыңызды және айналаңызды коронавирус инфекциясынан қорғауы тиіс маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз:

— адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз;

— ұжымдық іс-шараларды өткізбеңіз немесе оған қатыспаңыз;

— денені суықтатып алмаңыз;

— қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз;

— маска режимін сақтаңыз;

— қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе антисептикті мүмкіндігінше жиі қолданыңыз;

— дене қызуы немесе әлсіздік белгілері болса, дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз;

— үй-жайларды үнемі желдетіп отырыңыз;

— үйде күн сайын тазалық жүргізіңіз.

Сонымен қатар, дастарқан басына отырғанда тамақтан улану, ішек инфекцияларының қаупі туралыны да жадыңыздан шығармаңыз, байқаңыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *