Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Ол бұған дейін аталған комитет басшысының орынбасары болған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жаңа төраға тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Нұрқан Сәдуақасов 1971 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.