Самокатшылар салдарынан 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Самокатшылар салдарынан 44 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Сурет: ашық дереккөз

Самокатпен жолдың оң жағымен 18-ге толған, жүргізуші куәліктері барлар ғана жүре алады.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов самокаттардың жүрісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhу-на сілтеме жасап.

«Жол қозғалысындағы жаяу жүргіншілер мен мопед пен самокат жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін нормативтік актілер қабылданып жатыр. Қазақстанның инфрақұрылымы велосипед жолағына 500 шақырым ғана беруге арналған. Сондықтан да самокаттарды жолдың оң жолағымен 18-ге толған, жүргізуші куәлігі бар, қорғау шлемі бар жүргізушілер айдай алады. Қалған жерлерде, мысалы, тротуарда жүретін болса, басымдық жаяу жолаушыларға беріледі. Биыл 1 қаңтардан бастап самокат жүргізушілерінің қатысуымен 44 оқиға тіркелді. Былтыр 1 адам қайтыс болды. Осындай статистика бар», - деді Ішкі істер министрі.

Министр заң жобасын депутаттар ұсынып отырғанын айтты.

«Заң қабылдансын. Сосын оны ұсынған бір топ депутат ол туралы толық мәлімет береді», - деді ол.

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы қаралып жатыр.