Самбодан әлем чемпионатының алғашқы күні еліміз екі алтын алды

Самбодан әлем чемпионатының алғашқы күні еліміз екі алтын алды
Cурет: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы жиыны 4 медаль еншілеп, жарысты сәтті бастады

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жақтан самбодан әлем чемпионатының алғашқы күні қазақстандықтар қоржынға екі алтын салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
 
Оның бірін 54 келіге дейінгілер арасында Гүлдана Әлмұханбетова жеңіп алды. Гүлдана финалдық бәсекеде Моңғолия өкілі Нехитбаатар Баярмамен жолығып, 3:2 есебімен ұтты. 

Ал ерлер арасындағы сында жерлесіміз Жаңаниет Рахат тәжік спортшысы Хушкадам Хусравовтан 8:0 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, қос алтыннан бөлек Қазақстан құрамасы жиыны 4 медаль еншілеп, жарысты сәтті бастады. 

Бұған дейін 98 келідегілер арасында Мәди Райхан күмістен алқа тағынса, Болатбек Райымқұлов қоланы қанағат тұтты.