«Салтанат» би ансамблінің кеші өтті

«Салтанат» би ансамблінің кеші өтті
Сурет: Аnsamblsaltanat.kz

Шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Жұртшылыққа тарту ретінде 3 бидің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап. 

Өнерпаздар әр халықтың ұлттық биін билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Шығармашылық ұжым 20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында кеш өткізуді жоспарлап отыр.  

«Осы концертке 1,5-2 ай дайындалдық. Ұжымда жаңадан қойылымдар болып жатыр. Ол «Жайлаудағы той» деп аталады. Яғни, ұлтымыздың қыз қуу, көкпар, бәйге секілді ойындарын көрсететін боламыз», – деді «Салтанат» би ансамблінің мүшесі Аида Ажмағамбетова.