Салмонеллез

Салмонеллез – салмонелла микроорганизмдерi тудыратын жұқпалы аурулардың бiрi.

Жұқтыру жолдары:

Ет және ет өнiмдерi – қоздырғыштардың сақталуы мен көбеюiне аса қолайлы орта болып саналады. Ет өнiмдрi iшiнде аса қауiптiлерiне – тез бұзылатын шұжық өнiмдерi (өкпе-бауыр), туралған ет жатады. Тағам өнiмдерiнде салмонелланың көбеюi, өнiмнiң түсiн, иiстенiп, дәмдiк сапасын өзгертпейдi, ал микробтардың өзi көбею кезiнде олар улы затты – уыттылықтарды бөледi.

Зақымдалған өнiмдi пайдаланғаннан соң аурудың клиникалық белгiлерi 6–48 сағаттан кейiн белгiлi бола бастайды. Ауру түрлi реңкте көрiнуi мүмкiн. Кей жағдайларда ауру бiрнеше ай, жыл бойы созылуы ықтимал.

Аурудың клиникалық белгiлерi:

Көп жағдайда ауру асқазан-iшек құрылыстарының бұзылуларымен – iш ауру, құсу, iш өту, дененiң қалтырауы, қызудың көтерiлуi сияқты белгiлермен сипатталады. Содан кейiн ауру жоғары тыныс жолдарынан басталып, кейiннен құсу және iш өтуге ұласады.

Әртүрлi сырқаттармен науқастанған адамдарда аталған ауру, әсiресе, қарттар мен балаларда өте қиын өтуi мүмкiн. Бала кiшкентай болған сайын, салмонеллез ауыр өтедi және ол оның дамуына керi әсер етедi.

Салмонеллездi адам да, жануар да (iрi және ұсақ мал, мүйiздi iрi қара, шошқа, ат, мысық, ит, егеуқұйрық, балық, құс т.б.) жұқтыруы мүмкiн.Сонымен қатар, үй жануарлары арасында да салмонеллездi жұқтыру жағдайлары жоғары болады. Салмонеллдер ауру малдардың бұлшық етiнде, сүтiнде сонымен қатар, құстардың жұмыртқаларында, балықтың уылдырығында да өтедi.

Салмонеллдер және уыттармен зақымдалған тағамды пайдаланған кезде адам ауруы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда жануарлар мен құстардан бөлiнген сұйықтар суға түскенде, оны пайдаланған адам ауруды жұқтырады. Сонымен бiрге зақымдалудың тағы бiр түрiне жеке бас гигиенасын сақтамау салдары да, әсiресе, әлсiз және кiшкентай балаларда ластанған түрлi заттар және қолдармен организмге микробтардың түсуiнен болуы да мүмкiн.

Отбасында науқас немесе бактерия тасымалдаушы болған кезде ауруды жұқтырудың қауiптiлiгi туады.

Ауданда салмонеллез ауруы былтыр 17,1 пайызға өскен

Алматы қаласы, Жетiсу ауданы бойынша 2010 жылы салмонеллез ауруы 2009 жылмен салыстырғанда 17,1 пайызға өсiп отыр. Оның 75,6 пайызы ересектердi құрайды. Науқастардың 26,2 пайызы жұмыссыздар, 16,5 пайызы ұйымдастырылмаған топты құрайды. Жетiсу аудандық МСЭҚБ мамандары тексерген кезде, жұқпа көздерiнiң 88 пайызы тағам өнiмдерiнен, соның iшiнде 12 пайызы жабайы сауда орындарынан сатып алынған тағамдардан, ал 68 пайызы үй жағдайындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмауынан болып отыр.

Аурудың одан ары көбеймеуi мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық iс-шаралар жүргiзiлдi.

Аурудың алдын алу шаралары:

Ол үшiн өздерiңiз тұрған жайларда, аулада дәретханада, үй жануарлары орналасқан жайларда шыбындар мен тарақандардың таралуына жол бермей, таза ұстау қажет. Жеке бас гигиенасын жүйелi түрде сақтау тиiс. Дәретханаға барғаннан кейiн, жануарларды күткеннен соң, тағамның алдында, асты дайындау кезде қолды мiндеттi түрде жуып тұру керек. Себебi, салмонеллездi ит және мысықтардан жұқтырып алу мүмкiн. Сол себептi, балаларды олармен ойнағаннан кейiн қолдарын жуып тұруға үйрету қажет.

Үй жағдайында азық-түлiк өнiмдерiне қатысты санитарлық ережелердi сақтау аса маңызды. Тез бұзылатын өнiмдер салқын жерде сақтаған жөн. Шикi ет дайын өнiмдермен араласпауы керек. Сондай-ақ, дайын өнiмдi (котлет, турамыш (гулыш), голубцы, ет) сақтағаннан кейiн пайдаланудан бұрын оларды қайта жылы өңдеуден өткiзу керек. Салаттарды, қайнатылған кремдердi бiр тәулiктен артық сақтамау қажет.

Жануарларға күтiм жасау кезiнде тағамды пайдаланудан, шомылудан, бетiне жумаған қолмен жанасудан бас тарту керек. Бақшалардағы учаскелердi, бау-бақшаларды тыңайтқышпен тыңайту кезiнде тазалық сақтау қажет. Себебi, мұның өзi көкөнiстер мен жемiстердiң салмонелдермен зақымдалуына, соның салдарынан адамдардың аталған жұқпаны жұқтырып алуы мүмкiн.

Аталған ережелердi сақтасаңыз аталған жұқпадан қорғануыңызға болады. Егер жұқпамен зақымдалған болсаңыз, аурудың бiрiншi белгiлерi басталмасымен, дәрiгерге қаралыңыз. Ем ерте басталса, ауру тез өтедi.

Қасымхан АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Жетiсу ауданы бойынша МСЭҚБ бастығы.

Нарын ТҰРСЫНОВА,

Жетiсу ауданы бойынша МСЭҚБ эпид бөлiмiнiң бастығы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *