Салық төлемесең, шотың бұғатталады

Салық төлемесең, шотың бұғатталады Сурет: интернеттен

Бұған қоса әр кешіккен күнге өсімпұл жазылады.


Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратына сәйкес, көлік салығын төлемегендердің есепшоты 26 мамырдан бастап бұғатталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Ескертуді елемеген тұрғындардың көлігі тәркіленіп, есепшоты бұғатталады. Салық уақытында төленбеген жағдайда әр кешіккен күнге өсімпұл жазылады. Борышкерлерге берешегі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама отыз күнде орындалмаса, салық бұйрығы жолданады. 26 мамырдан бастап берешекті мәжбүрлі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға беріледі. Салық төлемей жүрген 10 адамның көлік құралы тәркіленді. Олар дереу қарызын өтеді. Кейбір борышкер көлігінен айрылғанда немесе есепшоты бұғатталған кезде ғана салық төлеуге жүгіре бастайды», - деді Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері.



Қарызды өндіру үшін сот орындаушылар борышкерді шетел асырмауға, көлігін айыппұл тұрағына апаруға құқылы. Банктегі есепшоттарын бұғаттап, басқа да мүлкіне тыйым салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет