Салық қызметкерлерінің сәтсіз әрекеті әшкереленді

Салық қызметкерлерінің сәтсіз әрекеті әшкереленді Сурет: ашық дереккөз

Атырауда жыл басынан бері 365 кәсіпкердің құқығы бұзылған.



Мемлекеттік кіріс органдары 269 кәсіпкердің банктегі шотын жабу туралы заңсыз ұйғарым шығарған. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz «Хабар24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  


Оған қоса салық қызметкерлері талап бойынша кем-кетікті жойған 4 кәсіпкердің есепшотын бірнеше күнге дейін ашпай, кәсіп иелерін әбігерге салған. Олар мұнымен қоймай, Wipon қосымшасы арқылы кәсіпкерлердің үстінен өздері арыз жазып, кейін оны өздері тексерген. 


Бұл іске прокурорлар араласып, 36 кәсіпкерден заңсыз алынған 11 млн теңгені иелеріне қайтарылды. 



 «Салық органының қызметкерлері өз тарапынан кәсіпкерлерден анықталған заңбұзушылықтар туралы хабарлама жолдап, өзі тексерген. Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, заңсыз 51 тексерістің күші жойылды. Заңсыз тәжірибе тоқтатылды. Заң бұзғандар қатаң жауапқа тартылды», – деді қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Алмат Сүйеуов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15