Салғырттықтың салдарынан жауапқа тартылды

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Салғырттықтың салдарынан жауапқа тартылды Сурет: ашық дереккөз

24 тамызда кешкісін Алматыда әл-Фараби көшесінің бойында кәріз жүйесі жарылды.


Осы маңда жұмыс істеп жүрген заманауи өнер мұражайын салу үшін инженерлік желілерді тартумен айналысатын «Парсек ltd» ЖШС (Назарбаев даңғылының оң жақ кіреберісі, оңтүстік-батыс бұрышында) жолдағы топырақты шаю жұмысын жүргізген. Салдарынан асфалт жабындысы зақымданып,  кәріз жүйесін жарып алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қалалық қызметтер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зақымдалған учаскеге жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді.


Жұмыс жүргізу барысында мүзейден шыққан кәріз жүйесі (диаметрі 50 см) жол бойындағы құдыққа келіп жалғанғаны, алайда жүргізілген жұмыстардың артынан топырақты нығыздау жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Осындай салғырттықтың нәтижесінде жолдың бұзылуына алып келген.


Өз жұмысына салғырт қараған мердігер ұйымға әкімшілік шаралар қолданылады. Жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары мердігер ұйым есебінен жүзеге асырылады.


Ал асфальтбетон төсеу жұмыстары 26 тамызда сағат 23:00 - ден 06:00-ге аралығында жолды ішінара жабу арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение