Салғырттықтың салдары

Салғырттықтың салдары Сурет: ашық дереккөз

Есірткі заттарына қатысты талапты орындамаған 41 медицина қызметкері жауапқа тартылды


Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова жақында өткен «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Оның барысында дәріханаларда препараттарды сату жағдайлары да тексерілді. «Дәрмек» операциясы республика аумағын тұтас қамти отырып өткізілді. Бұл тұрғыда медициналық мекемелер, дәріханалар, қоймалар, өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа да нысандар тексерілді.



«5 күнде препараттар заңды түрде өткізілетін нысандарда есірткі, психотроптық немесе улы заттарға қатысты тиісті ережені орындамаудың 28 фактісі және 193 әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды», - деді А. Боранова министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.



Оның айтуынша, осы тексеріс барысында әкімшілік жауапкершілікке 193 адам тартылды, оның ішінде 41 медицина қызметкері бар.



«Есірткі заттары бар 8,8 мың таблетка мен 7,4 мың ампула, психотроптық заттары бар 28 мың таблетка және 8,2 мың ампула тәркіленді. Заңды тұлғалардың қызметіне қатысты жүргізілген тексерулер нәтижесінде, лицензиялық нормалар мен техникалық талаптардың бұзылуына байланысты 3,2 мың тоннаға жуық прекурсор мен 459 тонна улы заттың айналымы шектелді», - деді ведомство өкілі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35