Салауатты өмір салты және спорт

Салауатты өмір салты және спорт
Сурет: Оlympic.kz

Тұрғындар арасында салауатты өмір салтының танымалдығы төмен.

Қала тұрғындарының 34%-ы ғана дене шынықтырумен айналысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оның үстіне 65 мың шаршы метрдей спорттық-рекреациялық инфрақұрылым жетіспейді.

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындарды қамтуды 2025 жылға қарай 40%-ке, 2030 жылға қарай 50%-ке көбейту мақсат етілді.

2025 жылға дейін:

Футбол, баскетбол, волейбол, хоккей бойынша мектеп және студенттер клубтарын, лигаларын құру

Жылына кемінде 35 ірі халықаралық деңгейдегі бұқаралық іс – шаралар - марафондар, веложарыстар, триатлондар, чемпионаттар өткізу

Мемлекеттік және жеке қаражат есебінен стрит-спортты белсенді дамыту: саябақ аймақтарында жүгіруге арналған кемінде 30 км жол, стритбол, скейтбординг, BMX және Open Air фитнес үшін кемінде 16 алаң салу

Кемінде 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу (жалпы ауданы 30 мың шаршы метрден астам), ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімдей отырып, жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жаңғырту.

2030 жылға дейін:

Орталық стадионды халықаралық стандарттар бойынша 45 мың орындыққа дейін ұлғайта отырып жаңғырту.

Жаңа полиорталықтарда кемінде 10 қосымша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу (әрқайсысының ауданы 5 мың шаршы метрден жоғары)

Жеңіл атлетика манежін салу көзделіп отыр.

«Спорт - денсаулық кепілі». Сондықтан осы сала туралы өз пікіріңізді 1 шілдеге дейін төмендегі сілтеме арқылы  «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ сайтында қалдырыңыз.