«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 20 маусымда жолға шығады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 20 маусымда жолға шығады
Сурет: Egemen.kz

Пойыз ең алдымен Алматы облысының Байсерке станциясына барады.

2022 жылдың 20 маусымы Алматы-2 станциясынан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы еліміздің шалғай станциялары мен жақын жердегі ауылдардың тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсету үшін жолға шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандандырылған медициналық пойыз 8 вагоннан тұрады: дизель-генератор вагоны, 4 медициналық вагон, 1 конференц-зал және мейрамхана, 2 купе вагон. Дизель-генератор вагоны қажет болған жағдайда шағын елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.

Іс-шара барысында медициналық пойыз мамандары арнайы пойыз вагондарымен, бас дәрігер қабылдау бөлмелерімен, сондай-ақ тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсететін білікті мамандармен таныстырады.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылуда.

Іс-шараға медициналық пойыздың мамандары мен қызметкерлері, сондай-ақ журналистер қатысады.