Салғырттығы үшін санкция салынады

Алматыда инженерлік желілерді ауыстыру технологиясының бұзылуы салдарынан өткен жұмада Төле би мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында топырақ шөгіп, тас жолға едәуір зақым келді. Жөндеу жұмыстарын қайта жүргізіп жатқан мердігер ұйымға лицензиядан айыруға дейінгі қатаң санкция салынуы мүмкін.

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Төле би көшесі арқылы жүргізілген жерді тесу және қайта жабу кезінде аталған учаскеде жұмыс технологиясы қатаң бұзылған. Яғни су және кәріз желілері арқылы топырақта ауа қабаты пайда болған. Ал сол жерден күнде өтіп жатан көліктер қозғалысы жол төсеміне салмақ түсіріп, жаншып, шөккен. Салдарынан су құбыры жарылған.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, реконструкцияны жүргізген жеке фирма ҚР ӘҚБК-нің 312-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Дәл мынадай өрескел жағдайда мердігер компания үлкен көлемде айыппұл ғана төлеп құтылмайды, осындай жұмыстарды жүргізуге арналған лицензиясынан айрылуы мүмкін.
Олардың салғырттығынан сусыз қалған тұрғын үйлерге және сол маңдағы басқа да ғимараттарға су беру үшін «Алматы Су» МКК жедел бригадасы жедел қимылдап, бірнеше сағат ішінде жөндеді.
Көлік қозғалысын да қайта қалпына келтіру үшін топырақ шөккен жердегі су сорылды әрі арнайы инертті материалмен толтырылып, үстіне бетон құйылды. Ол жер әбден кепкен соң ғана көлік қозғалысын ашуға мүмкіндік туады.
Келесі аптада мердігерге жобалық нұсқа бойынша жол жамылғысын қалпына келтіру міндеттелді.

Алматы қаласының Энерготиімділік және
инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *