«Сақтансаң, сақтайды...»

«Сақтансаң, сақтайды...» qarshimtu.uz

Алматыда жазатайым өндірістік жарақаттан сақтану мәселелері талқыланды


Алматы қалалық Еңбек инспек­циясының ұйымдастыруымен 23 тамыз күні еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылы­ми-зерттеу институтының, кәсіподақтар мен сақтандыру компаниялары өкілдерінің қатысуымен семинар-жиналыс өтті. Cондай-ақ, семинарға 20-дан астам жеке кәсіпкерлік субъектісі мен мемлекеттік сектор субъектілері де қатысты. Бұл жиынға негізінен жұмысшы­лары жұмыс орнында оқыс оқиғаға ұшырап, өндірістік жарақат алған компаниялардың өкілдері шақырылған.



Семинар барысында қазіргі кезде жұмыс­шылардың қаншалықты өндірістік жарақат алатыны, жазатайым жағдайлардың негізгі себептері және оның алдын алу жөніндегі шаралар, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды оқыту қағидалары, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық, мүгедектікті белгілеу және сақтандыру тө­лемдерін жүзеге асыру кезінде төленетін өтемақы тәртібі секілді өзекті мәселелер қа­ралды. Мұндай семинарлардың негізгі мақ­саты – еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу, қызметкерлердің еңбек құқығының сақта­луын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы­ның нормативтік құқықтық актілерінде көз­делген еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі талаптардың сақталуын қамтама­сыз ету.


Жиын барысында ҚР Еңбек және халық­ты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми- зерттеу институтының «Оңтүстік» филиалы директорының міндетін атқарушы Владлена Шевцова жұмысшылардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету жөніндегі жоспарымен бөлісті.



Кездесуде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау­ды оқыту ережелері айтылды. Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін жалпы кәсіптік құзырет­терді дамыту бойынша оқыту ұзақтығы 72 сағатты, арнайы кәсіптік құзыреттерді дамы­ту бойынша оқыту ұзақтығы 40 сағатты құ­райды. Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – тиісінше 40 және 24 сағат, ал шағын кәсіпкерлік және микрокәсіпкерлік субъекті­лері үшін – 24 және 16 сағат. Оқытуды мем­лекеттік қадағалау және бақылау органдары­ның мамандары, бейінді оқу орындарының оқытушылары және басқа да сарапшылар жүргізеді. Оқыту курстарын оқу орталықта­ры әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі рес­публикалық үшжақты комиссия ұсынатын бағдарлама негізінде әзірлейді.



Заңнама туралы айта келе, сарапшылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін еске салды. Еңбек кодексін ескер­мегені үшін және еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу, жалақыны уақытында төле­меу, қатарынан екі жыл бойы еңбек демалы­сын бермеу, жұмыс уақытын заңсыз асыру, еңбек саласындағы кемсітушілікке жол беру, зейнетақы төлемдерін бұзу, міндетті әлеу­меттік және медициналық сақтандыруды тө­лемеу секілді әкімшілік құқық бұзушылық­тар үшін кәсіпкерлердің категориясына байланысты шамамен 20-120 АЕК аралығын­да айыппұл салынады.


Өндірістік жарақатты алдын алуға жасалған қадамдар


Өндірістік жарақаттану мәселелерін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қала­лық үшжақты комиссия қарайды. Жыл ба­сынан бері қалалық үшжақты комиссияның 7 отырысы өткізіліп, онда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері қаралды. Әлеуметтік әріптестер Алматы қаласында 2021–2023 жылдарға арналған қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойын­ша «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын бекітті. 2021 жылы «Алматы қаласының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бір­лестігімен өзара іс-қимыл және ынтымақтас­тық туралы Меморандум жасалды.



2019 жылғы 17 маусымда Женевада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігі Халықаралық әлеуметтік қамсыз­дандыру қауымдастығымен «Vision Zero» тұжырымдамасын ілгерілету туралы Мемо­рандум жасасқан еді. «Vision Zero» – бұл үш бағытты өндірістің барлық деңгейлеріндегі қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және қызмет­керлердің әл-ауқатын біріктіретін профилак­тиканы ұйымдастыруға бағытталған сапалы жаңа көзқарас. Осылайша кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнін­дегі 1778 өндірістік кеңес құрылды, оның құрамына жұмыс берушілер мен жұмыскер­лердің өкілдері кіреді.



«Қазақстан Республикасында 2025 жыл­ға дейінгі қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарын» орындау үшін кәсіпорындарда тапсырыс берушіден мердігерге дейін шарттық қатынастар шең­берінде жұмыс істеуін бақылау маңызды болып отыр. Әзірге Алматыда жұмысшы­лардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететін кәсіпорындар аздау. Сондықтан ең­бек адамдарының қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне әлі де бақылауды күшей­ту қажет.



ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ


Еркінбек ӘМІРҒАЛИЕВ,


Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:


Жұмыс беруші мен жұмысшы үшін де оңай емес


Кез келген өндіріс орнында, зауыт, фабрикаларда, құрылыс нысандарында, әуе­жай мен теміржолда да қарапайым жұмысшылар жазатайым жағдайға тап болып, жарақат алып қалуы әбден мүмкін. Тіпті, кеңседе отырып жұмыс істейтін адамдар да дәліздегі баспалдақтан тайып құлап, аяқ-қолын жарақаттап алуы ықтимал. Қысқасы, бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Жұмыс барысында адам­ның жарақаттанып қалуы жұмыс беруші үшін де, жұмысшы үшін де оңай емес. Мұндай жағдайда екі тарап та заң аясында әрекет еткені жөн. Сондықтан кәсіпорын басшыларына жұмысшылар мен жұмыс берушінің құқықтары, міндеттері жайлы мәліметтер беріп отырмыз. Олардың өндірістік жарақатты алдын алуға және өндірістік жарақат алған жағдайда қалай дұрыс әрекет етуге қатысты сұ­рақтарына жауап беруге тырысамыз.



Керек дерек.


* Алматы қаласы Еңбек инспек­циясы келтірген деректерге сәйкес, 2022 жылдың 7 айын­да Алматыда өндірісте 49 жазатайым жағдай тіркелген (2021 жылғы көрсеткіш – 46). Өндірістік жарақат алған жұмысшылардың саны –


* 60 (2021 жылы 47 болған), Биыл 6 жұмысшы өндірістік жарақатының салдарынан қайтыс болған (өткен жылы * 3 адам), 20 адам ауыр жара­қат алды (2021 жылы ауыр жарақат алғандар – 18), 34 адам жеңіл жарақаттанған (өткен жылғы көрсеткіш – 26). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өндірісте жазатайым жағдайға ұшыра­ғандар саны 28,2 пайызға көбейіп отыр. Ал өндірісте алған жарақатының салдары­нан қайтыс болған адамдар саны екі есеге өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09