Сақылдаған сары аяз Еуропаны әуреге салды

Сақылдаған сары аяз Еуропаны әуреге салды Сурет: Dw.com

Солтүстік Еуропаның біраз бөлігінде аяз  күшейді.


Соның салдарынан Швецияның кей аудандарында мыңдаған адам электр қуатынан ажырап, қиындыққа тап болған. Ал тасжолдарда көліктері оталмай әбігерге түскен жүргізушілер көбейген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Мәліметке қарағанда қазір Швецияның солтүстігіндегі сынап бағанасы 38 градусқа дейін төмендеген. Метеорологтар болса алдағы күндері бұдан да қатты аяз болатынын ескертіп отыр.



«Таңғы сағат 4-тің кезінде, үйде жылу жоқ екенін байқадым. Термометр минус қырық градусқа дейін жеткен», - дейді тұрғын Йохан Сундквист.



Норвегия астанасы Ослода да бұрын-соңды болмаған аяз басталды. Бұл елде сынап бағанасы минус 37 градусқа жетті. Синоптиктер мұны рекордтық көрсеткіш дейді. Күннің күрт суытуына байланысты, барлық тау шаңғы курорттары жабылған.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26