Сахада сақылдаған сары аяз

Сахада сақылдаған сары аяз
YouTube

Саха Республикасының үш елді мекенінде -57 градус аяз тіркелді.

Дүйсенбі күні таңертең Саха Республикасының 20-дан астам пунктінде -50 және одан төмен температура тіркелді. Бұл туралы аталмыш мемлекеттің Қоршаған ортаның гидрометеорология және мониторинг басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәскеу уақытымен түнгі 12-де Хабардино, Верхневилюйск және Бердигестях пунктілерінде -57 градус болды. Покровск, Оленька және Сунтар елді мекендерінде термометр -56 градус, Томмот пен Нюрбада -55 градус, Дорожный, Амга, Эйик және Вилюйскте -54 градус көрсетті. Якутскте ауа температурасы – минус 50 градус.

Аязға байланысты Саха мектептері 16-18 қаңтар аралығында қашықтан оқуға ауыстырылды. 15 қаңтарда Білім және ғылым министрі Ирина Любимова ауа температурасы -65 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін ескертіп, осындай бұйрыққа қол қойған болатын.