Сайлауға шақыру қағаздарын жіберу басталды

Ербол Тұрымбетов

Бейсенбі күні Алматы қалалық сайлау комиссиясы саяси партиялар өкілдері және бақылаушылардың қатысуымен отырыс өткізіп, журналистерді соңғы дайындық жұмыстарымен таныстырды.

Бүгінде қалада 1 қалалық және 7 аудандық, 467 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Қала бойынша жалпы саны 955.525 сайлаушы тіркелген. Барлық учаскелердің жұмыс істейтін тұрақты мекен-жайлары анықталып, заң талаптарына сай телефон байланысымен, компьютерлермен қамтамасыз етілген. Сайлау жұмысына қала бойынша ресми түрде 3 мыңнан астам адам тартылған.

— Президенттік сайлауға биылғы енгізілген жаңалық — отандық сайлау тарихында бірінші рет тіркеудегі сайлаушылардың үйлеріне арнайы сайлауға шақыру қағаздары жіберілуде. Сайлаушылардың жартысына сайлау билеттері 17-наурыз күні, тағы бір легі 23-наурыздан бастап таратылып жатыр, – деді Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жүнісов.

Оның айтуынша, биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі – кезектен тыс өткелі отырғаны болса, енді бірі – барлық үміткерлердің өзара тартысқа түспей, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының тыныш, өз ретімен өткізіліп жатыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *