Саин көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі

Саин көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі
Сурет: Ашық дереккөзі

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған

Алматы Қалалық мобилділік басқармасы Саин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелетінін мәлімдеді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Саин көшесінің батыс бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 қыркүйек сағ. 21:00 мен 10 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Шаляпин көшесінен Абай даңғылына дейін, ал 10 қыркүйек сағ.21:00 мен 11 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі.

Сонымен қатар Саин көшесінің Шығыс бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 10 қыркүйек сағ.21:00 мен 11 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта көлік қозғалысы  ішінара шектеледі. 

Сондай-ақ Саин көшесінің Шығыс бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 12-14 қыркүйек аралығында түнгі уақытта сағ.21:00 мен сағ.06:00 аралығында Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта көлік қозғалысы  ішінара шектеледі.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.