Сағадат НҰРМАҒАМБЕТОВ: «Sagadat batyr-QTT» спорт клубының негізін қалаушы, джиу-джитсудан спорт шебері: Мен де өз таңдауымды жасадым

Сағадат НҰРМАҒАМБЕТОВ: «Sagadat batyr-QTT» спорт клубының негізін қалаушы, джиу-джитсудан спорт шебері:  Мен де өз таңдауымды жасадым

– Бүгін 27 жылдан кейін қайталанып тұрған тарихи оқиғаның куәсі болдық. Мен бүгін азаматтық парызымды орындап № 410 сайлау учаскесіне барып, дауысымды бердім. Ата заңымыз-қазақ елінің азаматтарын қорғайтын төлқұжаты. Жалпыұлттық референдум арқылы Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі – бүгінгі аса маңызды шараның басты ерекшілігі. Бүгін күллі халқымыз ел тағдырын айқындап, дауыс беріп жатыр!. Азаматтарымыз еліміздің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды және белсенділік танытады деп сенемін.