Сәулелі диагностика орталығы ашылды

Сәулелі диагностика орталығы ашылды
Сурет: Inform.kz

Қарағанды қаласының облыстық клиникалық ауруханасының терапевтік корпусында сәулелік диагностика орталығы ашылды. Дәрігерлердің қолында жоғары дәлдіктегі және жоғары тиімді КТ және МРТ аппараттары бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Сәулелі диагностика орталығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ашылды. Клиникада терапевтік бейіндегі 300 төсек бар. Барлық облыстан, оның ішінде ауылдық өңірлерден пациенттер шоғырланған. Орталықтың 24/7 жұмыс режимі мамандарға тәулігіне 50 пациентті қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте қарағандылықтардың басым бөлігі МӘМС аясында тегін қызмет ала алады. Орталық үшін Қытайдың жетекші медициналық жабдық өндірушісінен соңғы буын томографтары сатып алынды.