24 сәуірге арналған ауа райы болжамы

24 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Елдің басым бөлігінде күн бұлтты

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын және дауылды ескертуді ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, ертең жел күшейіп, тұман түседі, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуінен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша желдің күшейіп, батыста, солтүстікте тұман, ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Ақмола облысының батысында найзағай, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 24 сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Астанада сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 24 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші15-20, екпіні 23 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Атырау қ.: 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 24 сәуірде оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-щығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.