Сәуірден кейін баспана бағасы қалпына келе бастайды

Сәуірден кейін баспана бағасы қалпына келе бастайды
Сурет: Kapital.kz

Себебі бұрынғыдай сұраныс болмайды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, зейнетақы қорының ақшасы тұрғын үйге деген сұранысты арттырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Крыша» порталының мәліметі бойынша, қазір жаңа үйдің бағасы шаршы метрі үшін 241 мың теңгеден басталып, 752 мың теңгеге дейін барады. Ал қайталама нарықта үйдің бағасы – 224-614 мың теңге. Нұр-Сұлтанда біздің бағытымыз  бойынша құрылыс компаниялары 230 мың сұрап отыр. Ал коммерциялық тұрғын үйдің бағасы 521 теңге болып тұр», - деді Өскенбаев.

Министрдің айтуынша, «Нұрлы жер» ұлттық жобасы бойынша салынатын үйлердің бағасы көтеріледі. Негізгі мақсат – құрылыстың сапасын арттыру. Ал коммерциялық нарықта үйдің бағасы төмендеуі мүмкін. Себебі 1 сәуірден кейін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану күрт азайды.

«Иә, зейнетақы қорының ақшасы тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Содан баға да көтеріле бастады. Биыл 9 наурыз бен 2 сәуір аралығында, шамамен 52 мың келісімшарт жасалды. Бір жыл бұрынғы көрсеткіштен жоғары. Дегенмен 1 сәуірден кейін баға қалпына келе бастайды деп ойлаймын. Себебі бұрынғыдай сұраныс болмайды», - деп атап өтті Өскенбаев.

Осы орайда министр тұрғын үйге деген сұраныстың көтерілуіне себеп болатын тағы бір факторды атады. Доллар бағасы құбылып тұрғанда адамдар ақшасын жылжымайтын мүлікке салуға тырысады.