Сәуірде Қазақстаннан Баку арқылы мұнай транзиті бірнеше есеге артады

Сәуірде Қазақстаннан Баку арқылы мұнай транзиті бірнеше есеге артады
Сурет: Ашық дереккөз

Әлемдік нарыққа 125 мың тонна мұнай шығуы мүмкін

Наурызда Баку-Тбилиси-Жейхан (БТЖ) мұнай құбыры бағыты бойынша қазақстандық мұнай транзитінің жалпы көлемі шамамен 27 мың тоннаны құрайды, ал сәуір айынан бастап бірнеше есе өседі деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кету керек, оның 20 мың тоннасы Теңіз кенішіндегі мұнайдың екі партиясы болса, 7 мың тоннасы - Қашағаннан алынған сынақ партиясы.

«ҚазМұнайГаздың» мәліметінше, сәуірде Теңізден Каспий теңізі мен БТЖ арқылы әлемдік нарыққа 125 мың тонна мұнай шығуы мүмкін, деп жазды Turan агенттігі.

Бұл ретте Қашағанмен мұнай бойынша келіссөздер жүргізілуде.

SOCAR Midstream Operations (SOCAR-ның еншілес кәсіпорны) түсіндірмесіне сүйенсек, қазақстандық мұнайды БТЖ арқылы тасымалдау SOCAR мен «ҚазМұнайГаз» арасында жасалған және жылына 1,5 миллион мұнай транзитін қарастыратын келісім негізінде жүзеге асырылады.

2023 жылдың соңына дейін БТЖ арқылы Қазақстан мұнайының Каспий теңізі арқылы транзиті үшін Ақтаудан Санғашал терминалына дейін 12-14 танкер рейсі жоспарланған.

Қазіргі уақытта БТЖ мұнай құбыры арқылы Әзербайжан-Чираг-Гүнешли кен орындары блогының мұнайы мен Шах-Дениз кен орнының конденсаты, сондай-ақ Түркіменстан мен Қазақстанның мұнайы айдалады.