Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сурет:Aqmolanews.kz

Кей өңірлерде найзағай ойнап, дауыл соғады.

Синоптиктер 27 cәуірге арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады.

ҚР бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, дауыл соғады.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, орталығында, Алматы облысының шығысында желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.