Сәбізге де сұраныс артты

Сәбізге де сұраныс артты
Сурет: massaget.kz

2 мың тонна сәбіз импорттау қажет.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сәбіз келісімшарттарына келетін болсақ, картоп сияқты жағдай қалыптасуда. Яғни жоғарыда аталған үш облыстың әкімдіктері қажеттілік көлемін азайтты. Жалпы, өңірлер келісімшарттарының көлемі 28,8 мың тоннаны құрайды. Келісімшарттардың көлемі 100 пайыздан асатын жасыл аймақта 11 өңір тұр», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның дерегінше, келісімшарттар көлемі 50-ден 100 пайызға дейінгі сары аймақта 8 өңір орналасқан.

«Павлодар облысы қызыл аймақта. Онда келісімшарттардың көлемі 50 пайыздан төмен. Бұл ретте, жоғарыда атап өткендей, облыста жергілікті өндірушілермен 5 мың тоннаға меморандумдар бар. Импортқа қажеттілік 2 мың тоннаны, ерте пісетін көкөністерге қажеттілік 3,8 мың тоннаны құрайды», - деді министр.