Садыр Жапаровтың кітабы жарыққа шықты

Садыр Жапаровтың кітабы жарыққа шықты Сурет: 24.kg порталы

Кітап аймақтық кітапханаларға таратылған.


Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың "Жаңы Кыргызстанды куруунун багыты" атты кітабы жарыққа шықты, деп жазады Almaty-akshamy.kz 24.kg порталына слітеме жасап.


Көрші ел басшысының еңбегі төрт бөлімнен тұрады. Біріншісі жаңа Қырғызстанды құру идеясының пайда болуына арналса, екінші бөлімде елдің негізгі идеологиялық бағыттары, үшіншісінде ұлттық дәстүрлер, ерекшеліктер мен халық мәдениеті туралы айтылған. Ал соңғы бөлім қорытындыдан тұрады.


Кітап 41 мың дана тиражбен басылып, өңірлік кітапханалар мен елдің түрлі мекемелеріне таратылды.


Бұл қырғыз басшысының бірінші кітабы емес. 2015 жылы оның "Саясаттағы 10 жыл" атты еңбегі жарияланған. Кітапта Қырғызстандағы негізгі саяси жағдайлар қамтылған. 2021 жылы кітап түрік тіліне аударылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20