Садыр Жапаров Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Садыр Жапаров Қазақстан халқын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті.