Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінің жеңімпазы атанды

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінің жеңімпазы атанды
Сурет: Olympic.kz

Тайландтың Пхукет қаласында садақ атудан Азия кубогі өтіп жатыр.

Аталған жарыста ерлер арасында командалық сын бойынша қазақстандық спортшылар қарсылас шақ келтірген жоқ. Финалда олар Үндістан құрамасын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетерлігі, құрлықтық додада командалық жарыста ел құрама сапынан Санжар Мұсаев, Ильфат Абділлин және Дәулеткелді Жаңбырбай қатысты.