Сағатына 250-дей сайлаушы дауыс берді
Айкерім РАИСҚЫЗЫ
3-сәуір күні Черепанов көшесі, № 14 үйде орналасқан № 459, 449, 74 сайлау учаскелеріне дауыс берушілер таңертеңгі сағат 7:00- ден бастап келе бастады. Ауа-райының күрт өзгеруінен бе, алғашында дауыс берушілер қатары аздау болды деуге келеді. Бірақ араға 1-2 сағат салып, олардың саны бірден өсті.
№ 139 мектептің ғимаратында дауыс беруге келген сайлаушыларға жағдай жасалыпты. Мектепке кіре берістегі қабырғаға учаскеге қарасты барлық көшелердің, үйлердің нөмірлері мен олардың дауыс беру орындарының нөмірлері ілініпті. Сондай-ақ, орындардың барлығы нұсқалып көрсетілген. Күзет пен тәртіп сақтау орындарының қызметкерлері сайлау барысын көзден таса етпеді. Осында № 449 сайлау учаскесінің төрайымы Ж.Есімбекованы жолықтырдық:
Мұнда 11 бақылаушы келіпті. Олардың қатары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылаушы С.Наурыз, халықаралық бақылаушы Ғ.Рамиль, сондай-ақ, БАҚ өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының мүшелерінен құралған.
Ғимараттан шығып бара жатып, «Дауыс бергенде менің жеке куәлігімді сұрамады», − деген дауысты естідік. Таяп барып, әңгімеге тартып көргенімізде Әсел есімді қыз бақылаушыларға тек шақыру қағазын ұсынғанын айтып жатты. Сөйтсе, сайлау комиссиясы тек шақыру қағазында көрсетілген адамның аты-жөнін алдарындағы тізімнен тауып белгілепті де, сайлау парақшасын беріпті. Дегенмен, дауыс беруде өзіміз сайлау парақшасын жеке куәліктегі ақпараттар расталғаннан кейін ғана ала алдық.