Сөз де – қуат

Ораза айымызды амандықпен атқарғанан кейін, мен де вакцина салдыруға бел байлап, өзім тұратын Алатау ауданындағы медициналық мекемені бетке алдым. Кіре салысымен екпеге келгендердің қарасы қалың екендігін, әсіресе егде жастағы қарттардың көптігін байқадым.

«Бұл кісілерге салдыруға рұқсат берілген бе еді?», – деп өз-өзіме сұрақ қойдым ішімнен. Ақырын  аяңдай келіп, жақын маңдағы орындыққа  жайғасып, жанымдағы  ақ жаулықты  апамызбен тілдесуді жөн санадым. Сұрастыра  келе ол кісінің жасы 60-тан асқандығын, денсаулығының  әлі күнге тың  екенін, екпе алуға өзі ғана емес, жұбайымен келгенін байқадым. Мен сөзге тартқан Мәриям апай бұрын денсаулық саласында жұмыс істепті. Медицина саласын жақсы білетіндіктен, өмірінде талай дерттен қиналған жандарды көп көргендіктен, екпенің не екенін, оның тиімділігін де жақсы білетінін айтты.

Екпе алуға алаңдап, жүрексіне келген мені Мәриям апайдың сөздері қуаттандырып жіберді. Ешқандай ауырсыну сезінбедім. Бұл өзімді, жақындарымды, бүкіл елді қорғау үшін жасалған қадамым деп білемін.

Айтпақшы, қаламызда  3050 жуық адам вакцина салдырған, оның  ішінде  30 мыңнан  астамы егде жастағы қариялар екен.

Әзірлеген — Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *