Сөйлей, сөйлей шешен боларсың

Алмалы ауданындағы Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда шешендiк өнерге арналған «Сөйлей, сөйлей шешен боларсың» атты ата-бабаларымыздан мұра болып қалған шешендiк өнердi келер ұрпаққа үлгi-өнеге, етерлiк тәлiмгерлiк мән-мағынасы бар, оқушылардың тiл мәдениетiн өркендетуге, сөздi орынды айтқызып, саналы бiлiмдi сөйлетуге үйрететiн сабақ өттi.

Ата-бабаларымыз ежелден сөзге тоқталған халық. «Өнер алды – қызыл тiл» деп қарап саналы сөздi сары алтыннан артық бағалаған халықымыз өз ұрпағының сегiз қырлы, бiр сырлы өнерлi-өнегелi болуын мақсат еткен. Өткiзiлiп отырған шешендiк өнерге арналған «Сөйлей, сөйлей шешен боларсың» атты сабақ соның айғағы. Сабаққа 1–4-сыныпта оқитын 62 оқушы қатысты. Сабақ барысында Асан қайғы, Шал ақын, Шалкиiз, Бұхар, Майлықожа, Ақтамбердi, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидiң өсиет сөздерiн жатқа мүдiрмей оқыған оқушылар Нұртуғанның термелерi мен Жаяу Мұсаның әндерiн шырқады.

Кеш қонақтары, «Мемлекеттiк тiлге құрмет» бiрлестiгiнiң мүшелерi Асылы Осман, Өзипа Жатқанбайқызы, 4-оқушылар үйiнiң басшысы Ғалия Манатауова, Жазушылар одағының мүшесi Тұрсынбек Ешенқұлов өз ойларын ортаға салды. Өнер жанашыры ҚР Еңбек сiңiрген қайраткерi Гүлшара Есетқызының өткiзген бұл сабағының орны тiптi ерекше болды. Өйткенi, дұрыс сөйлей бiлу дегенiмiз – дұрыс ойлай бiлу.

Гүлшат ӘМИНОВА,

Алматы қаласының мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институтының әдiстеме қызметкерi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *