Сәбилерге де ауыз салды

Cоңғы тәулікте Алматыда коронавирус жұқтырған 700-ден астам науқас тіркелген. Жасқа толмаған сәбилер де вирус жұқтыра бастаған.

Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова кезекті онлайн-брифинг барысында айтты.
Қаңтар айында 10-ға жуық нәресте қауіпті індетті жұқтырған болса, қазір 60-тай бала ем қабылдауда. Спикердің сөзінше, бұл қала аумағында вирустың мутацияға ұшыраған түрінің пайда болуымен байланысты. Екіншіден, вирустың отбасы мүшелері арқылы тарауы себеп болып отырған көрінеді.
Сонымен қатар, Ә.Қалықова тұрғындардың КВИ-ді бұрынғыдай кісі аяғы көп жүретін орындардан, атап айтқанда, сауда орындарынан көбірек жұқтырып жатқандығын тілге тиек етті. Тұрғын үйлердің арасында орналасқан дүкендерден, қоғамдық көліктерден, жұмыс орнындарынан да жұқтыру дерегі жоғары. Алматы қаласының Мемлекеттік бас санитар-дәрігерінің қаулысында еңбеккерлердің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге жіберу туралы айтылған. Бірақ бұл талап барлық мекеме-ұйымда сақталмай отырған көрінеді.
«Егер бұл вирустан құтылып, қалыпты өмірге оралғымыз келсе, бетперде тағу режимін, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз керек. Оған қоса, халық вакцина салдырудан бас тартпауы керек. Бұл, бірінші кезекте, жақындарын вирустан сақтау үшін аса қажет», – деді спикер.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *