“RYH-MARAFON” спартакиадасы Алматының белсенді жастарын біріктірді

“RYH-MARAFON” спартакиадасы Алматының белсенді жастарын біріктірді
Сурет: Polisia.kz

Шара “Есірткіге бірге қарсымыз” атты есірткіге қарсы айлық аясында өткізілуде.

“RYH-MARAFON” спартакиадасы бес спорт түрінен тұрады: 1000 метрге жүгіру, шағын футболдан турнир, үстел теннисі, стритбол және боулинг, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

"Спартакиаданың ашылу салтанатының ресми бөлімінен кейін кинологтар қызметтік иттерімен шықты. Олардың демонстрациялық жарысы рәсімнің ерекшелігіне айналды. Марафонға барлығы 500-ден астам адам қатысты, бұл - Алматыдағы түрлі демалыс орталықтарының жасөспірімдері мен жастары. Іс-шара бірнеше бөліктен тұрды: концерттік бағдарлама, жасөспірімдер мен жастардың жүгірісі, арқан тартыс, асық ойыны, сонымен қатар қағаз бен асфальтқа сурет салу байқауы. Жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Ал шара соңында қатысушыларға балмұздақ берілді. Әсерлі іс-шараны өткізуге орын ұсынған “Динамо” ДСО-ға алғыс айтамыз", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.