Руслан ӘШІМОВ, медицина ғылымының  магистрі: Біз бейбіт елдің ұрпағымыз

Руслан ӘШІМОВ, медицина ғылымының  магистрі: Біз бейбіт елдің ұрпағымыз
almaty-akshamy.kz

– Қазақстан – біздің еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отанымыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Олардың өзі тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған. Оған қоса, ішкі және сыртқы экономикасы да қалыптасқан. Қазақстан – өз әнұраны, елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет. ТМД елдері арасында тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған күннен бастап бұл елдің өз халқы, өзіне тән ұлты мен тілі бар. 

Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап, бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап, тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінеміз. Біз бейбіт елдің ұрпағымыз, біз еркін елдің ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз алдына бір төбе.

Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу деген жауапкершілік бар. Үш түрлі кезеңнің үш түрлі тарихы бар. Біз осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, келешекке бастаушы, келешекті жасаушы ұрпақпыз. Ендеше, қолда бар алтынның қадірін білу, оны келесі ұрпаққа аманаттау және жеткізу – мойнымыздағы парыз!