Руслан Мәдиев АҚШ-та мексикалық боксшыны жеңді

Руслан Мәдиев АҚШ-та мексикалық боксшыны жеңді
Cурет: Inform.kz

Отандасымыз 14-ші жеңісін тойлады

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (13-2, 5 КО) Сан-Антониодағы (Техас штаты, АҚШ) бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

Sports.kz-тің мәліметінше, ол мексикалық Луис Рамоспен (21-1, 19 КО) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақтағы айқас тоғыз раундқа жоспарланды және ол соңына дейін өтті. Мәдиев төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Руслан Мәдиев профи-бокстағы мансабында 14-інші рет жеңісін тойлады. Ал Луис Рамос екінші рет жеңіліп отыр.

Айта кету керек, Мәдиев – Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының клиенті, аталған компания ұзақ уақыт бойы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұмыс істеген.