Азат Нұрғалиев «Тұранда» өнер көрсетпек

Азат Нұрғалиев «Тұранда» өнер көрсетпек
Сурет: Кazfootball.kz

Жаңа футболшы

Қазақстан құрамасының ойыншысы Азат Нұрғалиев «Тұран» сапына қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

35 жастағы тәжірибелі футболшы өткен маусымда «Тобылмен» ел чемпионы атанып, маусым соңында командадан кетті. Биылғы маусымды «Тұран» жейдесінде бастайды.

Азат Нұрғалиев мансабында «Ақсу-Кент», «Тобыл», «Ордабасы», «Жетісу», «Сұңқар» және «Астана» секілді командаларда доп тепкен. 2009 жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында ойнайды.