Розыбакиев көшесінде уақытша көлік жүрісі шектеледі

Розыбакиев көшесінде уақытша көлік жүрісі шектеледі
newtimes.kz

Розыбакиев көшесінде уақытша көлік жүрісінің шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 17 тамыз сағ. 23.00 мен 18 тамыз сағ. 06.00 аралығында Розыбакиев көшесінің Өтепов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады. 

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.