Розыбакиев көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі

Розыбакиев көшесінде көлік жүрісі уақытша шектеледі
Сурет: 24.kz

Алматы қалалық мобилділік басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 4 тамыз сағ. 23:00 мен 5 тамыз сағ. 6:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Левитан көшесінен Байқадамов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

                                            

«5 тамыз сағ. 23:00 мен 6 тамыз сағ. 06:00 аралығында аталған көшенің Байқадамов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылатын болады. Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - делінген басқарма таратқан ақпаратта.