Розыбакиев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Розыбакиев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Сурет: Almaty.tv

2022 жылға арналған жоспар аясында жол жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 19 шілде сағат 22:00 мен 20 шілде сағат 06:00 аралығында және 21 шілде сағат 22:00 мен 21 шілде сағат 06:00 аралығында Розыбакиев көшесінің әл-Фараби даңғылынан Есқараев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.

«Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - делінген басқарма таратқан ақпаратта.