Роза Рымбаева: Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды

Роза Рымбаева: Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды
Сурет: Almaty-akshamy

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Қазақстан астанасының бірегейлігі мен сұлулығын ерекше атап өтті.

Астана күні қарсаңында Алматының белгілі мәдениет қайраткерлері Нұр-Сұлтан қаласына деген өз құттықтауларын жеткізіп, Қазақстанның басты мегаполисіне деген көзқарастары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.

«Барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын! Жыл сайын біз еліміздің жетістігін атап өтеміз. Бүгінде Нұр-Сұлтан - әсем үйлері мен саябақтары бар әдемі қала. Бұл - заманауи, бірегей, дамыған мегаполистің үлгісі. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласы бізге жаңа өмір сыйлады. Жаңа қала, жаңа құрылыстар, даңғылдар Қазақстанның өткенін артта қалдырды. Нұр-Сұлтан Тәуелсіз жаңа Қазақстанның символына айналды», – деді әнші.

Роза Рымбаева Қазақстанның әрбір қаласының Нұр-Сұлтандай дамуын тіледі.