Роналдудың нағыз рекорды

14 наурызда Италияның А сериясында «Ювентус» сырт алаңда «Кальяри» командасын 3:1 есебімен жеңді. Үш допты да португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду енгізді. Сөйтіп, ол ресми ойындардағы гол санын 770-ке жеткізді. Футбол королі Пеле 767 доппен осыған дейін көш басында тұрған еді.

«Голдарымның санын 770-ке жеткізген соң, алғашқы сөзімді Пелеге арнағым келеді. Әлемде осы ойыншының өрнегін бала жасынан естіп өспеген футболшы жоқ. Мен де соның қатарындамын. Әлемдік мергендер көшінде Пеледен озып, бірінші орынға шыққаным үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Бұл – мен Мадейрада құм кешіп өскенде тіпті армандамаған жетістігім», — деді Роналду.

Бұған дейін Пеле еншісінде ресми 757 доп бар делініп келген еді. Бірақ кейін Сан-Паулу штатының біріншілігіндегі – 9, армиялық команда сапындағы 1 гол ресми санатқа еніп, 767 деген сан ресми мойындалды. Роналду осы көрсеткішті жаңартып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *