Роналду жайлы 5 қызықты дерек

Роналду жайлы 5 қызықты дерек
Сурет: Sportbox.ru

Жарық жұлдыз!

Дүниежүзілік футбол тарихында Пеле мен Марадона есімдері аңызға айналған. Ал ХХI ғасырда ала доп фанаттарын сүйіп қарайтын футболшы – Криштиану Роналду. Бүгінгі таңдағы жарық жұлдыз туралы 5 қызықты деректі назарларыңызға ұсынамыз!

  • Футболшының атын әкесі АҚШ-тың 40-шы Президенті Роналд Рейганның құрметіне қойған. Оның толық аты-жөні – Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру.
  • 1995 жылы небәрі 8 жасында Португалиядағы «Насьонал» клубымен келісім шартқа отырған.
  • Ол - тарихтағы Англия (Премьер-лига), Испанияны (Примера, Серия А) жеңген жалғыз футболшы.
  • Криштианудың денесінде бірде-бір «татуировка», басқа да сурет жоқ. Өйткені ол – белсенді қан тапсырушы донор. Сондай-ақ темекі, ішімдік сияқты зиянды заттарға әуестенбеген.
  • Бірер жылдар бұрын Лиссабон университетінің астроном ғалымдары жаңа галактика тауып, оны CR7 деп атаған. Мұның мағынасы: CR – Криштиану Роналдудың сөздерінің бас әріптері, ал 7 – жетінші нөмірлі ойыншы дегенді білдіреді. Бұл – футболшылар арасында алғаш берілген айрықша атақ.