Роналду жайлы 5 қызықты дерек

  Дүниежүзілік футбол тарихында Пеле мен Марадона есімдері аңызға айналған. Ал  ХХI ғасырда ала доп фанаттарының  сүйікті  футболшысы  – Криштиану Роналду. Бүгінгі таңдағы жарық жұлдыз туралы 5 қызықты деректі назарларыңызға ұсынамыз!

  • Футболшының атын әкесі АҚШ-тың 40 президенті Роналд Рейганның құрметіне қойған. Оның толық аты-жөні – Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру.
  • 1995 жылы небәрі 8 жасында Португалиядағы «Насьонал» клубымен келісім шартқа отырған.
  • Ол футбол тарихында Англия (Премьер-лига), Испания (Премьер-Лига және А сериясы) клубтарында өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған  жалғыз футболшы.
  • Криштианудың денесінде бірде бір «татуировка» т.б да сурет жоқ. Өйткені – белсенді қан тапсырушы донор. Сондай-ақ темекі, ішімдік сияқты зиянды заттарға әуестенбеген.
  • Бірер жылдар бұрын Лиссабон университетінің астроном ғалымдары жаңа галактика тауып, оны CR7 деп атаған. Мұның мағынасы: CR – Криштиану Роналдудың сөздерінің бас әріптері, ал 7 – жетінші нөмірлі ойыншы дегенді білдіреді. Бұл – футболшылар арасында алғаш берілген айырықша атақ.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *