Роналду голдар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты

Роналду голдар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты
Cурет: Ашық дереккөз

Роналду Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында «Тоттенхэм» қақпасына үш гол соқты 

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду голдар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  vesti.kz-ке сілтеме жасап.  

Роналду Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында «Тоттенхэм» (3:2) қақпасына үш гол соқты. Осылайша, оның жалпы карьерасындағы голдар саны 807-ге (692 клуб сапында, 115 құрама сапында) жетті.  

Португалиялық шабуылшы аустриялық және чехословакиялық Йозеф Бицанның көрсеткішін жаңартты. Оның еншісінде 805 гол бар. Бицанның голдарын көптеген статистикалық деректер растайды. Олардың қатарында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА), Спорт статистикасының фонды (RSSSF) да. Ал Чехия футбол ассоциациясы Бицан өз карьерасында ресми кездесулерде 821 гол соққанын айтады.  

Айта кетейік, 37 жастағы Роналду португалиялық «Спортинг», ағылшындық «Манчестер Юнайтед», испаниялық «Реал» және италиялық «Ювентус» командаларында ойнаған. Ол Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазды. Тамыз айында Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайта оралды.