Роман Скляр Алматы полиция департаментіне барды

Роман Скляр Алматы полиция департаментіне барды
Сурет: Polisia.kz

Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық полиция пепартаментінде болып, Мемлекет басшысының полиция бөлімшелерінде үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау туралы тапсырмасының орындалу барысымен танысты.

Роман Скляр ішкі істер органдарының күштері мен құралдарын басқарудың қуатты кешені деп табылатын ПД жедел басқару орталығында болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz-тің ақпараты бойынша, ол қаладағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауға, қылмыстарды, тәртіпсіздіктерді, табиғи апаттарды, төтенше жағдайларды және басқа да жағдайлар бойынша қызметтер мен бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіруге арналған.

Бүгінгі өмір жағдайында азаматтардың және олардың мүлкінің қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларға маңызды рөл беріледі. Бүгінде Алматыда 128 мыңнан астам бейнебақылау камералары қолданылады. ПД-ға іссапар барысында Роман Склярға бұқаралық іс-шараларды сүйемелдеу кезінде ресми тапсырмаларды жылдам орындауға мүмкіндік беретін байланыс кешенінің жұмысы да көрсетілді.