РК МКҚ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ — 2019
Жыл өткен сайын еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ынталы жастар қатарының артып келе жатқаны қуантады. Мұны жауынгерлік дәстүр жалғастығының жемісі деп білген жөн болар. «Елімді қорғаймын!» дейтін ерен ерлердің көптігі – ұлт намысы. Әйтсе де, біздің әскер сапы саннан гөрі сапаға бет бұрған бүгінгі шақта сарбаздыққа сайдың тасындай іріктелген, білімді де білікті жастар үміткер екенін айтуға тиіспіз.