Рысқұлов даңғылындағы қозғалыс қалай өзгереді

Рысқұлов даңғылындағы қозғалыс қалай өзгереді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Немиров-Данченко көшелері бойынша толассыз қозғалыс жабылады

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығы бойымен қозғалыстың ашылуына байланысты, 19 желтоқсанда Рысқұлов даңғылы арқылы Немиров-Данченко көшелері бойынша толассыз қозғалыс жабылады. Өтпе жол Кудерин көшесі мен Емцов көшесінде бұрылу жолымен жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, шығысқа қарай Емцов көшесінің алдындағы Рысқұлов даңғылындағы бұрылыстар жабылады.

Сонымен қатар, Абай даңғылының ашылуына байланысты Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысы бойындағы көлік  қозғалысының қайта қаралатынын  хабарлаймыз. Сонымен, батысқа қарай қозғалыс кезінде орталық жолақтар бойымен қозғалыс тек түзу болады, ал шеткі жолақтарда қозғалыс сәйкесінше солға және оңға болады.