Рысқұлов даңғылында жол қозғалысының сызбасы өзгертіледі

Рысқұлов даңғылында жол қозғалысының сызбасы өзгертіледі Сурет: Inbusiness.kz

Қалалық мобилділік басқармасы жол жүру бағытын алдын ала ойластыруды сұрайды.


Көлік ағынын өткізу қабілетін арттыру мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жұмыстарды қалалық мобилділік басқармасы мен жол қозғалысын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган Алматы қаласының полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүзеге асыратын болады.



2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік өткізу қабілеттілігіне талдау жасап, оның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды.



Жол жүру бағыттарыңызды алдын ала ойластырып, ҚР жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55